Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «О.Жандосов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8(72771)4-20-57

Іс-шара

Ата-аналардың назарына!


Құрметті ауыл тұрғындары, ата-аналар және оқушылар!
Балалардың өмір қауіпсіздігі үшін мопед, скутер, электросамокаттарды 🛴🛵ауыл, қала сыртқа жүргізбеуге шақырады. Қос дөңгелектің бәрі мопед болып саналмайды. Жол ережесінде оның нақты анықтамасы бар
Мопед –көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын мотромен қозғалысқа келетін екі немесе үш дөңгелекті және ең жоғары конструктивті жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспайтын көлік құралы.
Мопедке қатысты негізгі ережелер ҚР ЖҚН-нің 16 және 24-бөлімінде көрсетілген.
📌Маңызды ескерту: Жол ережесінің 24-бөлімі 1 тармағында мопедті тек 16 жасқа толған адамдар ғана жүргізе алатыны жазылған. Тротуар мен жол жиегінде мопедпен қозғалуға тыйым салынған. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан мопед мініп өтуге болмайды. Бұл ережені бұзғандар 15 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Автомагистральге шығуға рұқсат жоқ. Ол жөнінде жол ережесінің 16-бөлімінде жазылған.
📌Ескерту: О.Жандосов атындағы орта мектебінің әкімшілігі ата – аналарды балаларына мотоцикл, мопед және скутер сатып алудан аулақ болуға шақырады, сондай-ақ ересектерден кәмелетке толмағандардың рульге отыру әрекеттерін тоқтатуды сұрайды, өйткені мототехника ойыншық емес екендігін ескертеді!


Пікір жоқ
18 қаралды
Санаты: Білім
Авторы: shzhandosova
Қосылды: 30.04.2024 в 17:59

Choose Color