Тыйым салынған заттар сатылымда жоқ
Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «О.Жандосов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Мектеп асханасында жекелеген тамақ өнімдерін сатуға тыйым
салу туралы »
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекiтiлген "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
- Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің, мектепке дейінгі ұйымдардың, балалар үйлерінің, балаларды сауықтыру және санаторий объектілерінің тамақтану объектілерінде:
1) мыналарды:
қатық, сүзбе, айранды;
туралған ет қосылған құймақтарды;
флотша макаронды;
зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;
кремі бар кондитерлік өнімдерді;
тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда және балалар үйлерінде – қалуа, мармелад, пастила);
морстар, квастарды;
фритюрде қуырылған өнімдерді;
шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;
күрделі (төрт компоненттен артық) салаттарды, қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
окрошканы;
саңырауқұлақтарды;
өнеркәсіптік емес дайындалған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;
тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;
газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);
фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, пиццалар, наггетстер, чипсілер (чипсондар), дәмдік қоспалары бар тұздалған қытырлақ нанды;
ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;
2) мыналарды:
тізбесі тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне қолданылатын, 021/2011 КО ТР техникалық регламентінің 8-бабында және Одақтың техникалық регламенттерінде айқындалған тамақ өнімін;
осы Санитариялық қағидалардың 97-тармағында көрсетілген тамақ өнімін;
пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;
йодталмаған тұзды және құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді.
- Асхана қызметкерлерімен санитарлық сауаттылық және жеке гигиена туралы талаптарды сақтау туралы жұмыстар жүргізілсін. Жауапты-медбике.
- Оқушыларға тамақтану мәдениетін сақтау, денсаулыққа қажетті тағамдарды қолдану насихат жұмыстары жүргізілсін. Жауапты: медбике, сынып жетекшілер.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты: мектеп медбикесіне және асхана меңгерушісіне жүктелсін.
Мектеп директорының ма Г.М.Жакупова